Ссылки доступа

Немцовқа қатысты тергеу ісі аяқталды


Ресейдің оппозициялық саясаткері Борис Немцовтің өліміне қатысты негізгі тергеу ісі аяқталды деп хабарлайды тергеу комитеті.

Жыл аяғына қарай барлық тұтқындалғандарға тергеу ісінің қорытындысы бойынша негізгі айыптаулар тағылады деп күтіледі. Сонымен бірге Руслан Мухудиновтің аты-жөні де тергеу материалында қаралып жатыр. Ол тергеу ісі бойынша, ірі сыйақы үшін Немцовті өлтіруге тапсырыс берген.

18 қарашада Мәскеу Басман соты Мухудиновті сырттай соттаған. Оған қаруды заңсыз тасымалдаған және адам өлтірді деген айып тағылып, федералды іздеу жарияланған.

Оппозициолық саясаткер Борис Немцовті 28 ақпанда түнге қарай Кремль маңындағы көпірде белгісіз біреулер атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG