Пикетті Германияда тұратын дағыстандық әйел Мадина Мұхаммедова өткізді. Ол жергілікті биліктен арнайы рұқсат алған. Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісінде жазған.
Пикетке қатысушылар кішкентай сәбиға қарсы қылмыс жасалды деп, кінәлілерді жауапқа тартуын сұраған.
14 қазанда бес айлық сәби Умарали Назаровты миграциялық заңды бұзған деген ата-анасынан айырып, балалар емханасына жіберілгеннен кейін бір тәуліктен соң белгісіз жағдайда қайтыс болған. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, бала вирустық инфекциядан қайтыс болған. Бірақ ата-аналары оның ешқандай аурумен ауырмағанын, дені сау бала болғанын айтады.