Ссылки доступа

АҚШ вице- президенті Киевке келді


АҚШ вице-президенті Джо Байден 6 желтоқсан күні Киевке екікүндік сапармен келді. Мақсаты Украина билігін реформаны жүзеге асыруға шақыру.

Сонымен бірге Байденнің іссапары Вашингтон үшін Сириядағы дағдарыс Украинадағы жағдайды назарда ұстауға кедергі бола алмайтынын көрсетеді дейді.

АҚШ вице-президенті 7 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенкомен және премьер-министр Арсени Яценюкпен кездеседі деп күтіледі. Келесі күні украин парламентінде арнайы мәлімдеме жасамақшы.

Қыркүйек айының басында Украина шығысында атыс азайған, алайда бір ай өткен соң, шиеленіс қайта күшейген.

XS
SM
MD
LG