Ссылки доступа

Азия даму банкі Тәжікстанның жеке секторына 60 млн доллар бөлмекші


Азияның даму банкі (АДБ) Тәжікстанға жеке секторды дамыту үшін және инвестиция тарту үшін 60 миллион доллар бөледі. Бұл жөнінде дүйсенбі күні АДБ-ның Душанбедегі өкілі мәлімдеді.

Бағдарлама бизнесті қорғауға және кәсіптің өнімділігін арттыруға бағытталған. Негізгі реформа азаматтар жеке бизнесін ашу үшін заңдық тұрғыдан өзгерістер енгізу, қолдау көрсету және электрэнергия саласында кросс-субсидияны алып тастауға бағытталған.

Бағдарлама үш фазаға бөлінген. Оны аяқтау 2019 жылға жоспарланған. Алғашқы кезеңде 53,4 миллион доллар бөліну жоспарланып отыр. Ал қалғанын жеңілдікпен несие ретінде Азия даму банкі 6,6 миллион доллар бөледі.

Тәжікстан АДБ-ға 1998 жылы кірді. Қазіргі уақытқа дейін Азия даму банкі 1,4 миллиард доллар көлемінде жеңілдікпен несие, гранттар және техникалық көмектер берген.

XS
SM
MD
LG