Ссылки доступа

2016 жылы Өзбекстанда «Дені сау ана мен бала» жылы болып жарияланды


Бұл жөнінде Өзбекстан Конституциясының 23 жылдығына байланысты Тәшкентте өткен салтанатты жиында президент Ислам Каримов мәлімдеді.

90 жылдардан бері жыл сайын Конституция күні қарсаңында Өзбекстан басшысы келер жылға жаңа атау береді.

Өтіп бара жатқан 2015 жылын президент Каримов «Аға буынға қамқорлық көрсету» жылы деп атаған.

Бақылаушылардың айтуынша жыл сайынғы атаулар бір-бірлеріне қатты ұқсайды. Мәселен 2014 жылы Өзбекстанда «Дені сау бала» жылы деп аталған.

XS
SM
MD
LG