«Тұтқындау және тергеу жөніндегі қаулы терроризммен күрес жөніндегі бөлімге тапсырылады», - дейді Ташкент облысы Зангиатин ауданының ішкі істер органының қызметкері.
Құқық қорғау қызметі өкілдерінің сөзінше, күдікті танылғандар қатарына діни экстремизм және терроризмге жақын деп саналған адамдар жатады. Азаттықтың өзбек қызметінің бақылауынша, тұтқындаулардың көбі негізінен жұма күнгі намаз уақытында орын алады.
Қарашаның 3-нен бері Ташкенттің барлық күш құрылымдары және әскери гарнизондары казармалық жағдайға көшкен.