Ссылки доступа

Ақ үй: Трамптың мәлімдемесі оны АҚШ президенті болу құқынан айырады


2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына қатысатын Республикалық партияның үміткерінің бірі - Дональд Трамптың мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу туралы мәлімдемесі Ақ үйдің сынына ұшырады.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің бағалауынша, мұнадай пайымдаулар оны президент болу құқығынан айырады.

Ақ үй баспасөз хатшысы мұндай ұсыныстың Трампты дода жолынан "шығаратынын" және оның сайлауалды науқаны "тарихтың шаң басқан бумаларын" еске түсіретінін айтты.

Трамп болған оқиғалардың аражігін айырғанға дейін барлық мұсылманды АҚШ-қа мүлдем кіргізбеу керектігін мәлімдеген еді. Желтоқсанның 7-де Трамп мұндай шараны өткен аптада Калифорнияда адамдарға оқ атқан ерлі-зайыпты мұсылман отбасының ісінен кейін ұлттық қауіпсіздікті жақсартатын әдіс есебінде ұсынды.

XS
SM
MD
LG