Ссылки доступа

АҚШ Калифорниядағы атыстан соң виза беру тәртібін қайта қарастырады


АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Джей Джонсон өзі басқаратын мекеменің америкалық азаматтармен некеге тұруды көздеген шетелдіктерге елге кіруге құқық беретін "К-1 бағдарламасы" бойынша виза беру тәртібін қайта қарайтынын мәлімдеді.

Бұл мәселе жақында Калифорниядағы жаппай адам өлімі оқиғасынан соң өзекті бола бастады.

Джонсонның сөзінше, шабуылға қатысты деп күдіктелген Ташфин Малик есімді әйел 2014 жылы америкалық азаматпен отбасын құру үшін елге келуге рұқсат етілген 519 Пәкістан азаматының қатарында болғаны анықталған соң, осы ережені өзгерту мәселесі туған.

АҚШ Мемлекеттік депратарментінің дерегінше, 2014 жылы шетел азаматтарына 9,9 миллион виза берілген, оның ішінде 36 мың адам күйеу мен қалыңдық визасын алған.

Ташфин Малик және оның күйеуі Сайд Ризван Фарук желтоқсанның 2-де Сан-Бернардинодағы мүгедектер орталығына шабуыл жасады деп айыпталған. Ол кезде 14 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған еді. Шабуыл жасағандар полициямен атыс кезінде оққа ұшты.

XS
SM
MD
LG