Оның мәліметінше, Бартанг өзені алабының кейбір бөлігінде тастар құлап, бірнеше жерде өзен арнасын бітеп қалған, нәтижесінде өзендегі су деңгейі 5 см-ге көтерілген.
Желтоқсанның 7-де жергілікті уақыт бойынша 12.50-де Тәжікстанда магнитудасы 7,2 жеткен күшті жер сілкінісі болды.
Соңғы дерек бойынша 2 адам зілзала құрбаны болды, 13 адам жарақат алған, оның үшеуі қазір ауыр халде. Билік орындары жер сілкінісінен 500-ден астам үйге зиян келгенін мәлімдеді.