Мәжілістің төрағасы Шукурджон Зухуров жаңа заң жобасын президент Эмомали Рахмоннан гөрі халық көп күткен «тарихи оқиға» деп баға берді.
Заң жобасы 16 баптан тұрады. Онда қазіргі президентке Ұлт лидері деген атақтан өзге бейбітшіліктің негізін қалаушы, ұлттың тұтастығын сақтаушы деген атаулар берген. Сонымен бірге Ұлт лидеріне қол сұғуға болмайтын, оның қауіпсіздігіне және әлеуметтік жағдайына кепілдік беретін мәртебе берілген.
63 жастағы Эмомали Рахмон билік басында 1992 жылдың қараша айынан бері отыр. Ол бірнеше рет президент болып қайта сайланды, соның ішінде оған қайта сайлауға түсетін мүмкіндік беретін екі рет конституциялық реформа жасалды. Эмомали Рахмонның қазіргі президенттік мерзімі 2020 жылдың қараша айында аяқталады. 1998 жылы Тәжікстанда президенттің ары мен ожданын қорғайтын заң қабылданды.