Ссылки доступа

Атамбаев Қырғызстанда «қол сұғуға болмайтын» шенеунік жоқ деді


Қырғызстанда енді қандай лауазымды қызметті атқармасын не қоғамдағы беделіне қарамастан «қол сұғуға болмайтын» шенеунік жоқ әрі алдағы уақытта да болмайды.

Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев коррупцияға қарсы халықаралық күнге орай мәлімде жасады.

«2010 жылдағы революциядан кейін Қырғызстанның гүлденуі мен демократиялық қоғам құруына басты кедергі болатын коррупцияға қарсы күресті барынша қатайттық. Билік органдарындағы саяси және жүйелі түрде болатын коррупцияны жою үшін күрделі өзгерістер қабылдадық, қазір бірқатары өзінің нәтижесін беріп жатыр», -деген президент мәлімдемесінде.

Қырғызстан басшысы сонымен бірге коррупцияға қарсы күресте қарапайым азаматтардан бастап, саяси күштер, шенеуніктерге дейін бірге жұмылуға тиіс деген.

Қырғызстан БҰҰ коррпуцияға қарсы күрес Конвенциясын 2005 жылы қабылдады.

XS
SM
MD
LG