Ссылки доступа

Путин: Су-24 қара жәшігі шетелдік мамандар алдында ашылады


Ресей президенті Владимир Путин өткен айда Түркия атып түсірген Су-24 әскери ұшағының қара жәшігі табылғанын және ондағы шифрмен жазылғанды айырып оқу үшін шетелдік мамандарды тартуға ниетті екенін мәлімдеді.

«Мен оны әзірге ашпауды өтінемін, тек шетелдік мамандардың қатысуымен бірге ашуды, әрі бәрін мұқият жазып алуды сұраймын», - деді Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуге қарата айтып.

Кремль 24 қарашада ресейлік әскери ұшақты түрік тарапы құлатып түсіргеннен кейін Түркияға қатысты санкция енгізген болатын.

Путин қара жәшік Анкара мен Мәскеу арасындағы басты дауға қатысты мәселенің ара-жігін ажыратып беруге себеп болады деп мәлімдеді.

Ал Түркия болса, ресейлік әскерилер түрік әуе кеңістігіне өтіп кетіп, бірнеше рет ескертуді елемегенін айтады. Мәскеу болса, шекараны бұзбағанын Сирия үстінен ұштық деген ұстанымда.

XS
SM
MD
LG