Ссылки доступа

Түркістанда өзін өртеген студент ауруханаға жатқызылған


Түркістанда өзін өртеген 20 жастағы студент ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Азаттыққа хабарлағандай, жас жігіттің өз-өзін өртегені туралы ақпарат 7 желтоқсан күні Түркістан қаласы ішкі істер басқармасына түскен. Студент өзін үйінде өртеген. Денесінің 90 пайызы күйікпен ауруханаға жеткізілген.

Қаракөзованың сөзінше, студент қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиғаға қатысты «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» деген Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу ісі жүріп жатыр. Полиция оқиғаның жай-жапсары анықталуда дейді.

XS
SM
MD
LG