Ссылки доступа

БАҚ: Ресей мессенджерлерге бақылауды күшейтпекші


Ресейде чат арқылы байланыс жасайтын жүйеге бақылауды күшейтпекші. Бұл жөнінде құжатпен танысып шыққан «Ведомости» газеті хабарлайды.

Құжат авторлары арнайы заң жобаларына өзгерістер енгізіп, текстер және мультимедиялық хабарлар жіберетін қызметке шектеу қоймақшы.

Егер мессенджер заңды бұзған жағдайда оператор оның трафигін бұғаттайды. Тіптен заң жобасында мессенджерді пайдаланушыларды анықтау жөнінде міндеттелген.

Ақпарат алмасатын жүйе ресейлік операторлардың трафигінің төрттен бір бөлігін алады. Қызметті жасаушылар шетелде отырады және оларды бақылау өте қиын. Сол себептен шенеуніктер оны бұғаттау механизмін жасауға шешім шығарды деп хабарлаған ресейлік байланыс операторының бір қызметкері.

XS
SM
MD
LG