Ссылки доступа

Сотталушы Серік Ахметов Назарбаевқа үндеу жасады


Kazakhstan - Ex top-official Serik Akhmetov speaks at the court. Karaganda. 09Dec2015
Kazakhstan - Ex top-official Serik Akhmetov speaks at the court. Karaganda. 09Dec2015

Жемқорлық қылмыстар бойынша 12 жылға сотталуы мүмкін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов соттағы соңғы сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

Сотталушы Назарбаевты өзінің ұстазы ретінде атап, сонау 1990-шы жылдары Назарбаевтың өз бойынан болашақ басқарушыны көргенін және солай сенім артқанын айтты.

«Мен шын көңіліммен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сенімін ақтамағаным үшін кешірім сұраймын. Егер сот пен еліміздің басшысы қатарға қайта қосылуыма мүмкіндік берсе, білімім мен тәжірибемді еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге және адал атымды ақтау үшін жұмсауға дайынмын», - деді соттағы соңғы сөзінде Серік Ахметов.

Ахметов мемлекеттік айыптаушыға дәлелдің жоқтығынан айыптау қорытындысынан аса үлкен көлемде пара алу туралы бапты алып тастағаны үшін алғыс білдірді.

Ол шынайы әрі әділетті үкім шығатынына үміттенетінін жеткізді.

Желтоқсанның 9-да аяқталған жарыссөз барысында, бұрынғы премьер-министрдің барлық төрт адвокаты судьядан Ахметовты барлық айыптау баптары бойынша ақтап шығуды сұрады. Серік Ахметов те кінәсіз екендігін мәлімдеп, өзіне осы іс бойынша сотталушы орындығында отырған өзге адамдардың жала жапқанын айтты.

Жалпы осы іс бойынша 21 адамға айып тағылған, олардың арасында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері бар.

XS
SM
MD
LG