Ссылки доступа

Түркіменстан шенеуніктеріне доллар мен евро сатып алуға тиым салды


Turkmenistan. Queue to currency exchange at "Russkiy" market. Ashgabat. May 15, 2015
Turkmenistan. Queue to currency exchange at "Russkiy" market. Ashgabat. May 15, 2015

Түркіменстанның мемлекеттік мекеме қызметшілеріне шетелдік валюта сатып алуына тиым салынды. Тиымды бұзғандар жұмыстан қуылуы мүмкін.

«Хроники Туркменистана» басылымының мәліметінше, бұл туралы елдің мемлекеттік мекемелерінде желтоқсанның 2-4-де хабарланған.

Биылғы жылдың сәуірінде Түркіменстанда АҚШ долларын сатып алуға шектеу қойылған еді. Бір адам жылына 8 мың доллар және бір ретте 1 мың доллар ғана сатып ала алады. Өкім бойынша, валюта айырбастау операциясы тек төлқұжатты көрсеткен соң жүзеге асырылады және әрбір операция арнайы мәліметтер базасына тіркеліп отырады. Жаздың аяғына таман, сатып алуға болтын валюта сомасы 8 мыңнан 1 мың АҚШ долларына дейін азайылғаны туралы ақпарат түскен. Кәсіпкерлер үшін де валюта айырбастау бойынша шектеу қойылған еді.

Түркіменстанның қаржы жүйесі валюта тапшылығына тап болды және шетелдік валютаға деген сұранысты азайту үшін қолдан түрлі айла-шарғы жасалуда.

Жыл басында Түркіменстанның ұлттық валютасы - манат 20 пайыздық девальвацияға ұшырады. Республика президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов түркімен экономикасында жағымсыз жағдайлардың басталғанын мойындауға мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG