Ссылки доступа

Калифорниядағы терактіге байланысты ресейлік апалы-сіңлілер назарға ілінді


Ресейлік апалы-сіңлілі Мария мен Татьяна Черныхтер АҚШ-тың Сан-Бернардино қаласында болған терактіні зерттеп жатқан арнайы қызметтің назарына ілінді.

Сәрсенбі күні сенаттағы барлау комитетінің мүшесі Джеймс Риш Энрике Маркес сатып алған қарудың террористік акті кезінде қолданылғанын айтады. Ал Энрике Маркес терактіде шабуыл жасаған Саед Фарукпен байланысы болған.

Маркес бір жыл бұрын ресейлік Мария Черныхқа үйленген екен. Ал Марияның туған апасы Татьяна Фаруктың туған ағасына үйленген.

Федералды тергеу бюросы Энрик Маркестің терактіге қатысын тексеріп жатыр. Ол бірнеше жыл бұрын екі автомат пен екі тапанша сатып алған. Оны Саед Фарукқа сатқан немесе берген. Ал Маркестің өзі бірнеше уақыт бұрын ислам дінін қабылдап, Фаруктың жақын досы болған екен.

Мария Черных терактіге қатысты күдікке ілінбеген. Оның және апасының аты-жөндері тергеу барысында назарға іліккен. Тергеушілер Саед Фаруктің әйелі Пәкістаннан шыққан Ташфин Малик Сан-Бернардинода 14 адамның өліміне әкелген терактіні ұйымдастыруда басты адам болуы мүмкін деп есептейді.

XS
SM
MD
LG