Щербаковті қараша айының екінші жартысында психиатриялық талдау жүргізу үшін Душанбеден Ресейге алып кеткен.
Ресейдің тергеу органына жақын ақпарат көзі 10 желтоқсанда Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) Иван Щербаков ауруханаға жатқызылғанға дейін тергеу изоляторында болғанын айтқан.
“Оны ауруханаға жатқызды деген сөз, ол психикалық ауру деген сөз емес, дәрігерлер оның психикалық жағдайын зерттеп жатыр” – деп хабарлайды ақпарат көзі.
Жобированың денесі 9 қарашада ресейлік әскери базаның жанындағы қоқыс жәшігінен табылған. Тергеу ісінде Щербаков қызды өлтіргенін мойындаған.
Тәжікстан СІМ Ресейге арнайы нота жіберіп тергеу ісін шынайы зерттеуін талап еткен.