Ссылки доступа

Мәскеу Түркияның «этникалық тазалау» айыптауын жоққа шығарады


Мәскеу Түркияның Сирия операциясы кезінде Ресей президент Башар Асадтың оппоненттерін жойып, «этникалық тазалау» жүргізіп жатыр деген айыптауларын жоққа шығарады.

Ресей СІМ өкілі Мария Захарова 10 желтоқсанда Анкараның айыптауы негізсіз деді.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу 9 желтоқсанда Ресейді солтүстік Сирияға қатысты «этникалық тазалау» жүргізіп жатыр деп мәлімдеген болатын. Ол Мәскеу Башар Асад жүйесін қолдамайтын Сириядағы түркімендер мен басқа сунниттерді ығыстырып жатыр деген еді. Ол сонымен бірге ресейліктердің оппозициялық күштерге жасап жатқан әуе соққылары «Ислам мемлекеті» содырларын күшейтіп жатыр деген.

Мәскеу мен Анкара қарым-қатынасы сирия-түрік шекарасында Түркияның ресейлік әскери ұшақты атып түсірген соң бірден нашарлады. Ұшқыштың біреуі қайтыс болған. Ресей бірден Түркияға қарсы экономикалық санкция орнатты.

XS
SM
MD
LG