Ссылки доступа

Қырғызстанда валюта нарығын реттеуге шара қолданып жатыр


Қырғызстанның Үкіметі мен Ұлттық банкі ұлттық валюта бағамын тұрақтандырып және ел экономикасын долларсыздандыру үшін тиісті шаралар қолданып жатыр. Бұл жөнінде экономика министрінің орынбасары Данияр Иманалиев Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның сөзінше, ұлттық валютаны тұрақтандыру мен экономиканы долларсыздандыру үш бағыт бойынша жүзеге асады. Олар — макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, шетелдік валюталарға ұлттық валюта үстемдігін орнату. Көлеңкелі капиталды қысқарту және төлем карталары бойынша қаржы айналымын дамыту.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Қырғызстанда доллар бағамы 29%-ке өскен. 2015 жылдың басында бір доллар бағамы 58,8 сом болса, қазір – 76 сом.

XS
SM
MD
LG