Ссылки доступа

Көмекзат тиеген тікұшақ төртінші күн дегенде ғана Бартангқа қонды


Тәжікстан қорғаныс министрлігінің тікұшағы зілзаладан зардап шеккен Бартанг Рушан ауданының тұрғындарына көмекзаттардың алғашқы легін әзер жеткізе алды.

Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Нилуфар Асламшоеваның хабарлауынша, желтоқсанның 11-де Бартангқа жер сілкінісінен зиян шеккен тұрғындарға үлестіру үшін ұн, күріш,май әкелінген. Оның сөзінше, Бартангқа шұғыл көмек тиеген тағы екі тікұшақ ұшуға дайын.

Асламшоева Бартанг алқабында облыс төрағасы Шодихон Джамшедтің жүргенін және зілзала зардаптарын жою жұмыстарын тікелей қадағалайтынын айтты. Ұшуға қолайсыз ауа-райынан және жолдың бұзылуынан Шодихон Джамшед зілзала болған өңірге жаяу жеткен, оның бұл қадамы әлеуметтік желілерде қызу қолдауға ие болды.

ТБАО әкімшілігінің баспасөз хатшысы бұдан бөлек, Бартангқа азық-түлік жеткізген тікұшақтар қайтарда Ванч және Хорог аудандарына баспанасыз қалған тұрғындарды алып кететінін хабарлады.

Желтоқсанның 7-де болған, магнитудасы 7,2-ге жеткен зілзала салдарынан Тәжікстанның шығысында 237 ғимарат толығымен қираған, 588 ғимарат жартылай бүлінген.

XS
SM
MD
LG