Ссылки доступа

Ресей мен Қытай капиталды елден заңсыз шығару жағынан озып тұр


Global Financial Integrity зерттеуінің «Дамушы елдерден капиталды заңсыз шығару» дейтін кезекті есебінде Ресейден жыл сайын шамамен 105 миллиард доллардың заңсыз шетел асатыны туралы дерек келтіріледі.

Бұл жағынан Ресей екінші орында тұр. Ал ең көп ақша Қытайдан кетуде — жылына орта есеппен 140 миллиард долларға жуық. Жалпы алғанда, бұл елден 1,39 триллион доллар заңсыз шетел асқан. Үшінші орында тұрған Мексика жыл сайын 52,8 миллиард доллардан қағылады.

Бұл орайда Ресей үнемі GFI тізімінің алдыңғы ондығынан түспейді. Тіпті 2008 (107,8 млрд доллар) және 2011 (183,5 млрд доллар) жылдары екі мәрте «көш бастаған».

GFI – трансұлттық капиталдың заңсыз айналымын зерттейтін және оған тосқауыл қоятын шараларды әзірлейтін америкалық халықаралық саясат Орталығының (Center for International Policy, CIP) бағдарламасы.

XS
SM
MD
LG