Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили салтанатты шарада жүктерді Тынық мұхиты жағалауынан Европаға «Жаңа жібек жолы» арқылы тасымалдау бұрынғы бір жарым ай уақытты екі аптаға қысқартатынын мәлімдеді. «Грузияның жақын уақытта Европаны, Шығыс Азияны, Үндістан мен Орталық Азияны және Таяу Шығысты байланыстыратын мультиөңірлік орталыққа айналатынына сенімдімін», -деді Гарибашвили.
Қарашаның 29-да Қытайдан жөнелтілген контейнерлер Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Каспий теңізімен Әзірбайжанға, сосын теміржолмен Тбилисиге жеткен. Тбилисиден оларды Қара теңіздегі Поти портына, ол жақтан Түркия және Европаға жөнелтеді. Дәл осы бағыт «Жаңа жібек жолы» деп аталады..