Ссылки доступа

Тәжік спортшылары самбодан Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды


​Тәжік спортшылары желтоқсанның 12-де Қазақстанның Атырау қаласында аяқталған самбодан Азия чемпионатында 20 медальға (11 алтын, 6 күміс, 3 қола) ие болды.

Жарысқа құрлықтың Ауғанстан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Тәжікстан, Өзбекстан сынды 13 елінен 300 спортшы қатысты.

Жас тәжік палуандары 9 салмақ бойынша медальдарды жеңіп алды. Мубориз Мунавваров (68 кг), Мирзошариф Исматов (74 кг), Суруш Каримов (82 кг) және Саидмуъмин Шомахмадов (100 кг) Азия чемпионы атанды. Джоми Хасан (52 кг), Ёкубджон Рахматов (62 кг) және Рашид Зиёбеков (90 кг) күміс медальға ие болды. Сорбон Латифов (57 кг) және Салимбек Салимбеков (100 кг жоғары) қола медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасында Азиза Азизова (72 кг) мен Дилбар Султонова (80 кг) Тәжікстан қоржынына екі күміс медаль әсалды.

XS
SM
MD
LG