Ссылки доступа

Душанбеде айырбастау пунктінің қызметкері өзіне қол жұмсаған


Душанбенің «Фаровон» базарындағы айырбастау пунктінің қызметкері үйінде өзіне қол жұмсаған.

Билік әзірге бұл оқиғаға қатысты түсінік бермейді, бірақ туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға марқұмға 120 мың сомони айыппұл салған соң орын алған.

Алихон Азимов Душанбенің «Фаровон» базарында соңғы сегіз жылдан бері жұмыс істеп келген. Ол 7 желтоқсанға қараған түні Рудаки ауданындағы жеке үйінде асылып қалған.

Марқұм Олим Азимовтің ағасы оқиғаның жай-жапсары белгісіз дейді, бірақ қайғылы оқиға оның айырбастау пунктін жауып, 120 мың сомони көлемінде айыппұл слағаннан кейін орын алған.

Тәжікстанның Ұлттық банкі қараша айының аяғында АҚШ доллар бағамы бірден өсіп кеткеннен кейін барлық айырбастау пунктерін жабу туралы шешім шығарған.

12 желтоқсанда айырбастау пунктерінің 60 қызметкері Тәжікстанның Ұлттық банкі алдына жиналып, өздерінің проблемаларын басшылыққа жеткізу үшін жиналған. Ұлттық банкі басшылары жаңа жылдан кейін айырбастау пунктерін қайта ашылуы мүмкін деген.

XS
SM
MD
LG