41 жастағы Кирбетов көлігінде өлі күйінде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол газдан уланған.
Талғат Кирбетов әр жылдары «31 канал», «Астана», «7 канал» телеарналарының тілшісі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің қызметкері болды. Соңғы жылдары «Время» газетінде жұмыс істеді. Талғат Кирбетовпен қоштасу сейсенбі күні Астанада болады.