Ссылки доступа

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуді көздейді


Еуроодақтың жоғары лауазымды өкілі Азаттық радиосына ЕО мүше елдер елшілерінің желтоқсанның 21-і күнгі кеңесінен кейін, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды тағы жарты жылға созуға ниетті екенін жеткізді.

Осылайша ресейлік қаржы, мұнай және әскери салаларға сонымен бірге, жекелеген азаматтарға қарсы мәжбүрлеу шаралары келесі жылдың шілденің 31-не дейін сақталуы мүмкін.

Германияның федералды канцлері Ангела Меркель Ресейдің Украинаға қатысты саясаты үшін салынған ЕО санкцияларын қолдайтынын мәлімдеді. ГФР Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысса да, "қағидаларымыздан айнымауымыз керек", - деді Меркель. Канцлер тиым-шектеулер тек минск келісімдері талаптары толығымен орындалғанда ғана алынып тасталатынын ескертті.

Санкциялар мәселесін ЕО жетекшілері желтоқсанның 17-18-де талқылауы мүмкін. Қазіргі мәжбүрлеу шараларының мерзімі 2016 жылы қаңтардың 31-де бітеді.

XS
SM
MD
LG