Ссылки доступа

Қырғызстанда соңғы жылдары ана мен баланың жағдайы жақсарды


Бұл туралы елдегі ана мен баланың жағдайын бағалау туралы жаңартылған мәліметтерде айтылады.

Толық ақпаратты желтоқсанның 16-да Ұлттық статистика комитеті мен ЮНИСЕФ жарияламақ.

Ақырғы зерттеулер бірқатар оң өзгерістерді көрсетеді. Мәселен, Қырғызстанда соңғы 20 жылда 5 жасқа дейінгі сәбилердің өлімі азайған. Дегенмен, 5 жасқа дейінгі балалардың 2,8%-ның салмағы толмаған, ал 12,9% -ның бойлары қалыпты мөлшерден төмен.

Елдегі кәмелетке толмаған қыздардың туу көрсеткіші 1000 әйелге шаққанда 65-тен айналады, ал 20 мен 49 жас аралығындағы әйелдердің әрбір сегізіншісі 18-ден ерте жаста күйеуге шығады. 15–19 жастағы әрбір жетінші әйел (13,9%) қазір тұрмысқа шыққан немесе азаматтық некеде. Әр оныншы бала (9,9%) әке-шешесі тірі болса да, ешқайсымен бірге тұрмайды. Әр тоғызыншы баланың (11,2%) әке-шешесінің біреуі немесе екеуі де шетелде, оның ішінде тең жартысының ата-анасы өзге елде тұрып жатыр.

Бұл Қырғызстанда өткен осындай үшінші зерттеу, елде мұндай шара 5-10 жылда бір мәрте өткізіледі.

XS
SM
MD
LG