«2015 жылы желтоқсанның 17-18-де Душанбе қ. сыртқы істер министрліктері басшылары орынбасарларының жетекшілігімен Өзбекстан және Тәжікстан делегацияларының кеңесулері өтеді», - делінген Өзбекстан СІМ хабарламасында.
Кеңесулер аясында қос тарап өңірдегі түйткілді мәселелерге, Таяу шығыс пен Ауғанстандағы жағдайларға қатысты пікір алмасып, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқыламақ. Желтоқсан айының басында, өзбек кәсіпкерлерінің Душанбеге сапары барысында сауда-саттықты кеңейту туралы келісіліп, тәжік астанасында Өзбекстанның Сауда үйі ашылған болатын. Маусым айында Ташкентте сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тәжік-өзбек үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы өткен еді.