Министр Чавушоглу Анкара әрқашан келіспеушіліктерді қақтығыспен емес, келіссөздер көмегімен шешуді жақтайтынын мәлімдеді. Бұған дейін, Ресейдің қорғаныс министрлігі Түркия елшілігіндегі әскери-теңіз атташені шұғыл шақыртып алғанын хабарлаған болатын.
Түріктің балық аулаушы кемесінің иесі Ресей қорғаныс министрлігінің ресейлік кемеге қауіпті қашықтықта жақындағаны және сейнердің бағытын өзгертуге мәжбүр еткен ескерту оғы туралы мәлімдемесін жоққа шығарады.
Ресей мен Түркия қарым-қатынасы түрік ӘӘК Түркия мен Сирияның шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргенен бері ушығып тұр. Анкара ұшақтың ел шекарасын бұзғанын уәж етеді, Мәскеу бұл айыптауды жоққа шығарады.