Ссылки доступа

Өзбекстанда жаңа жылдан соң спирттік ішімдіктер қымбаттайды


2016 жылы қаңтардың 1-нен бастап, Өзбекстанда сырадан бөлек алкогольді ішімдіктердің көтерме және бөлшек сауда бағасы өседі.Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Өзбекстанның қаржы министрлігі мен мемлекеттік салық комитетінің желтоқсанның 3-де қабылдаған шешімдеріне сәйкес, жаңа жылдан бастап, спирттік ішімдіктің 1 литрінің ең төменгі көтерме бағасы 15,6-дан 25,2 пайызға дейін қымбаттамақ.

Мәселен, шараптың көтерме саудадағы бағасы 3 800-ден 4500 сумға дейін көтеріледі. Дүкендерде мұндай алкоголь өнімі 4600 - 5400 сум аралығында сатылатын болады. Арақ пен өзге алкогольді ішімдіктің көтерме бағасы қазіргі 9 мыңнан кем дегенде 10 500 сумға (16,6%) өседі. Коньяктың ең төменгі көтерме бағасы 11 100 сумның орнына 13 900 сумды (25,2%) құрамақ, ал бөлшек саудада –13 400-ден 16 700 (+24,6%) сумға қымбаттайды.

XS
SM
MD
LG