Ссылки доступа

Ресейдің іс-әрекеттері Сириядағы дағдарысты тереңдетуде


Дүйсенбі күні, The Washington Post газеті БҰҰ арнайы есебі мен үкіметтік емес ұйымдардың деректеріне сүйене отырып, Ресейдің әуеден соққы беруі, Сирияға жеткізілетін гуманитарлық көмек көлемінің күрт қысқаруына әкелді, осылайша гуманитарлық дағдарысты күрт ушықтырып отыр деп жазды. Түрік жойғыш ұшақтары түрік-сирия шекарасының маңында ресейлік әскери ұшақты атып түсіргелі бері, Ресей Сирияның Түркиямен шекаралас аудандарында шоғырланған сириялық оппозиция күштеріне әуеден соққы беруді үдете түскен. Ресей ұшақтары екі елдің шекарасындағы өткізу бекеттері мен гуманитарлық көмек жеткізілетін жолдарға шабуыл жасауда. БҰҰ арнайы есебінде осының кесірінен ,көптеген ұйым көмек жеекізуді тоқтата тұруға мәжбүр болғаны және бұл жағдайдың осы өңірде тұратын тұратын миллиондаған сириялықтың жағдайына кері әсер еткенін жазады. БҰҰ дерегінше, әуе шабуылы басталғалы бері, кем дегенде 20 медициналық мекеме ресейлік ұшақтардың нысанасына іліккен.

TheWashingtonPost ресейлік авиацияның астық қоймасы, нан комбинаты, су тазарту орындары мен гуманитарлық көмекті тарату орталықтары секілді азаматтық инфрақұрылым нысандарын да бомбалайтыны туралы бірнеше гуманитарлық ұйымдардың деректерін келтіреді. БҰҰ аты-жөнін айтпаған қызметкері ресейлік әуе шабуылдарының кесірінен, 260 мың адамның баспанасын тастап, босып кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG