Ссылки доступа

Дүниежүзілік Банк ТАЛКО-ның болашағына күмән келтіреді


Дүниежүзілік Банк әлемдік нарықтағы металлдар бағасының арзандауына байланысты, ТАЛКО компаниясының алдағы екі жыл ішінде алюминий өндіруді 270 мың тоннаға жеткізу жоспарына сенімсіздік білдірді.

Бұл туралы "Тәжікстан экономикасын талдау №2, 2015 жылдың күзі" есебінде баяндалған.

ТАЛКО компаниясының баспасөз хатшысы Игорь Саттаров желтоқсанның 15-де Радио Озодиға берген сұхбатында, Дүниежүзілік Банктің Тәжікстан экономикасы туралы, оның ішінде ТАЛКО жайлы есебінде жаңалық жоқтығын мәлімдеді. Оның сөзінше, ТАЛКО мұндай көлем туралы ақпаратты талдау болжамы ретінде көрсеткен, ол әлем нарығы мен компанияның техникалық мүмкіндігін ескере отырып жасалған және жағдайға қарай оның көлемі өзгеруі мүмкін.

Дүниежүзілік Банктің есебінде ТАЛКО 2015 жылдың алғашқы жартысында 61 мың тоннадан астам алюминийді сыртқа сатқаны және компания биылғы жылы алюминий экспортын 190 мың тоннаға жеткізу арқылы, оның көлемін 52%-ға өсіруді көздейтіні туралы жазылған.

Дүниежүзілік Банктің есебіне қарағанда, 1 тонна алюминийдің бағасы 2014 жылғы 2 400 доллардан былтыр 1900 долларға түсіп кеткен. Биыл алюминий бағасы тоннасына 1700 долларға, ал келесі жылы 1500 долларға арзандауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG