Ссылки доступа

Назарбаев: Қазақстанды алда күрделі бағыттар күтіп тұр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын елдегі «бейбітшілік пен қауіпсіздікті» бағалауға және «тұрақтылық» бағытынан айнымауға шақырды.

Мұны айта келе ол, әлемдегі мииллиардтан астам адамның қақтығыс пен соғыс және тұрақсыздық шарпыған өңірлерде тұратынын, лаңкестік шабуылдар боп жатқанын, жүздеген миллион адамның ішерге асы, баспанасы мен жұмысы жоқтығын алға тартты.

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында, Назарбаев «алда бізді бұрынғымыз бен қазіргімізден де күрделі бағыттар күтіп тұр»,- деді. Назарбаевтың сөзінше, «тарих ешқашан тек жеңістер жылнамасынан тұрмайды, ал дағдарыстар жеңу ілімін үйретеді».

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Қазақстан экономикасы мұнай бағасының құлдырауынан зардап шегуде. Биылғы жылдың 9 айында елдің ЖІӨ өсу қарқыны 4,1% -дан 1%-ға төмендеп кеткен.

Қазақстан Қырымды басып алғаны үшін Батыспен қарым-қатынасын нашарлатып алған Ресейдің ықпалындағы Евразиялық экономикалық оақтың мүшесі боп табылады. Астана сонымен бірге, діни экстремизм қаупі мен әлеуметтік қайшылықтардың күшеюіне алаңдайды. Батыс сарапшылары елде шынайы оппозиция мен сөз бостандығының жоқтығын алға тартады.

XS
SM
MD
LG