«Россия сегодня» ХАА баспасөз қызметі Радио Озодидың сұрауына «қайта құрылымдау агенттіктің жоспарлы жұмысы және редакциялық қызметіне әсерін тигізбейді», -деп жауап берді.
15 журналистің 10-ы қысқаруға ұшырайтыны белгілі болды, екі адамға Мәскеуде жұмыс істеу ұсынылған, елде өкілдік ашуға ресми рұқсат беру мәселесін Тәжікстан Республикасының СІМ қарастырып жатыр.
Желтоқсанның 14-і күні Душанбеде өткен «Россия сегодня» қызметкерлерінің жиналысында бұл шешімнің қаржы қиындығына байланысы жоқтығы айтылған. Агенттіктің Душанбедегі өкілдерінің сөзінше, басты себеп Тәжікстанда тіркелу жұмысының ұзаққа созылып кетуіне тіреліп тұр.