Қала билігі Сан-Бернардинодағы жаппай адам өліміне ұласқан шабуылдар қайталануы мүмкін деген қауіппен 640 мыңнан астам оқушы оқитын мыңдаған мектептің жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Билік орындары хабарламада нақты не жазылғаны туралы айтпай отыр, мектептерді уақытша жабуды сақтық шарасы ретінде түсіндіруде.
Нью-Йорк әкімшілігі де осындай хабарлама алғанын, алайда оны қалжың есебінде бағалағанын жеткізді. Нью-Йорк полициясының комиссары Уильям Браттон Лос-Анджелес билігі қауіпті әсірелеп жіберді деп санайды. Офицердің сөзінше, өзін ислам экстремисті ретінде таныстырған хабарлама авторы жіберген бірқатар қателікке қарап, оның жай бұзақы екенін аңғаруға болады. Нью-Йорк мэрі Билл де Блэзио да қаладағы мектеп оқушыларына еш қауіп төніп тұрмағанына сенім білдірді.