Ссылки доступа

Ресей Түркияға қарсы санкцияларды күшейтуді жоспарлауда


Бұл туралы премьер-министр Дмитрий Медведевтің тапсырмасымен экономикалық даму министрлігі дайындаған құжатқа сүйене отырып, «Коммерсантъ» басылымы хабарлайды.

Анкараға қатысты «арнайы экономикалық шаралар» аясында жаңа шектеулер қонақ үй бизнесі, құрылыс, ағаш өңдеу, Түркияда ресейлік ұшқыштарды дайындау және кез келген саладағы мемлекеттік тапсырысты қамтиды.

Газетке сұхбат берген тұлға Ресей нарығында бұрыннан жұмыс істеп жатқан компанияларға бұл шаралар қолданылмауы мүмкін. «Біз қол-аяғымызды шабуға тырыспаймыз, санкциялар бірінші кезекте Ресей экономикасына юарынша зиян тигізбеуді көздейді»,- деді басылымның дереккөзі.

Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы қарашаның аяғында, түрік ӘӘК ресейлік бомбалаушы Су-24 ұшағын түрік-сирия шекарасының аумағында атып түсіргелі бері нашарлап кетті.Анкара ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзғанын айтады, Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарады. Ресей Түркияға қарсы экономикалық санкциялар қолданды, Анкара қарымта жауап болуын ескерткенімен, әзірге мұндай қадамдарға барған жоқ.

XS
SM
MD
LG