Ссылки доступа

Ресей-тәжік "бартері". Сангтуда-1 салықтан босатылды


Тәжікстан парламенті акциясының 75%-ы Ресейге тиесілі "Сангтуда-1" СЭС биылғы жылдың желтоқсаны мен 2016 жылға толығымен салық төлеуден босатты.

Шешім желтоқсанның 16-да, Маджлисинамояндагонның отырысында "Барки точик" энергохолдингінің станса алдындағы қарызына байланысты қабылданған.

Депутаттардың сөзінше, Тәжікстан "Сангтуда-1" СЭС-сын салықтан босату арқылы, "Барки точиктің" станса алдында қордаланып қалған берешегін жоюды көздейді. Желтоқсанның 1-де тәжік энергохолдингінің қарызы 513 миллион сомониға (75,5 млн долларға жуық) жеткен.

"Барки точик" компаниясының жетекшісі МирзоИброхим берешектің қайдан шыққанын түсіндіре келіп, холдингтің электр қуатын 2,14 центке сатып алып, ел тұрғындарына орташа 12 дирамнан сататынын айтты.

Тәжікстанның Салық комитетінің дерегінше, "Сангтуда-1" СЭС-сын салық бойынша ең ірі борышкердің қатарында. Салық комитеті электр стансасының қарызын 28 миллион сомониға бағалайды.

XS
SM
MD
LG