Ссылки доступа

Түркия Ресейге атып түсірген ұшақтың құнын төлеуден бас тартты


«Түркия Ресейге Су-24 бомбалаушы ұшағын өтеп бермейді», - деп мәлімдеді түрік сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжу Бильгич.

Сонымен бірге ол, Ресей өз ұшақтарының ендігәрі Түркияның әуе кеңістігін бұзбайтынына кепілдік беруі тиіс екендігін атап өтті.

Бұған дейін РФ-ның Түркиядағы елшісі Андрей Карлов Су-24 ұшағымен болған оқиғадан кейінгі Түркиямен арадағы дағдарысты шешу үшін Ресей билігі үш шарт қойғанын мәлімдеген еді.

"Джумхуриет" газетіне берген сұхбатында Карлов бірінші талап есебінде қарашаның 24-де түрік жойғыш ұшағы ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргені үшін Түркия билігінің ресми кешірім сұрауын атады. Екінші талап –кінәлілерді тауып, жазалау.Үшіншіден, Түркия Ресейге оқиға салдарынан болған шығынды өтеп беруі тиіс.

XS
SM
MD
LG