Ссылки доступа

Қырғызстан бюджеті доллар бағамының өсуінен шығын шегуде


Қырғызстан бюджеті доллар бағамының өсуінен 200 млн доллар жоғалтқан.

Бұл туралы 2015 жылғы республикалық бюджетке енгізілген түзетулер мен 2016-2017 жылдарға жасалған болжамдарды парламенте талқылау барысында қаржы министрі Адылбек Касымалиев мәлімдеді.

«Республика-Ата-Жұрт» фракциясының депутаты Кенжебек Бокоев өз кезегінде, доллар бағамының өсуінен бюджетте 2 млрд сом жетпей қалғанын айтты.

Қырғызстан Ұлттық Банкінің интервенцияларына қарамастан, доллар бағамы жыл басынан бері 29%-ға артқан.

Желтоқсанның 16-да Бішкектің жеке айырбас орындарында тіркелген доллардың сомға қатысты орташа бағамы мынандай: 75,6 сом (сатып алу), 76 (сату). Евро – 83 сом (сатып алу), сату – 83,7 сом.

XS
SM
MD
LG