Ссылки доступа

«Кабиридің әкесін баласын тура жолға салу үшін шақырған»


Тәжікстанның Файзабад ауданы Касамдар ауылдық кеңесінің төрағасы «Тәжікстанның исламдық қайта өркендеу партиясы» жетекшісінің туыстары ұсталғаны туралы мәліметті жоққа шығарады.

Бекназар Шоевтың айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері Тәжікстанда тиым салынған партияның жетекшісі Мухиддин Кабиридің туыстарын, оның ішінде 95 жастағы әкесін «баласына ақыл айтуын сұрау үшін» әңгімеге шақырған.

Кабиридің жақындары желтоқсанның 15-де тәртіп сақшыларының тиым салынған партия басшысының көптеген туысын ұстап, тергегенін және тергеу барысын видеоға түсіргендерін айтты.

Шетелде тұрып жатқан Мухиддин Кабири осы шара арқылы билік, өзін Вашингтонда өтетін кездесуде адам құқықтарына қатысты жағдайды талқылаудан бас тартуына мәжбүрлегісі келетінін мәлімдеді.

Тәжікстанның Жоғарғы соты бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Адухалим Назарзоданың бүлігінен кейін, «Тәжікстанның исламдық қайта өркендеу партиясын» террорлық деп танып, ел аумағындағы қызметіне тиым салды.

XS
SM
MD
LG