ОСК мұндай шешімге Саматовта Ресей азаматтығының барлығын дәлелдейтін ақпараттың шығуы түрткі болғанын хабарлайды.
Желтоқсанның14-де орнын Саматовқа босатып берген Болотбек Ибраимжанов қайтадан парламент депутаты болды. Оған барлық депутаттық өкілеттілігі қайтарылды.
Жырғалбек Саматовтың өзі Орталық сайлау комиссиясының шешімін заңсыз деп атап, сотқа шағымданатын мәлімдеді.
Бұған дейін, Бішкектің Первомай аудандық соты Орталық сайлау комиссиясын Жырғалбек Саматовтың мандат алуға құқығы барлығы туралы өтінішін қарауды міндеттеген еді. Одан бөлек, Жоғарғы сот Ресейдің Федералды көші-қон қызметінің берген анықамасына сүйене отырып, депутаттыққа үміткердің ресейлік азаматтығы жоқ деп таныған болатын