Ссылки доступа

FreedomHouse: Тәжікстан оппозиция өкілдерін қудалауды тоқтатуы тиіс


FreedomHouse халықаралық құқық қорғау ұйымы елде тиым салынған Тәжікстанның исламдық қайта өркендеу партиясының жетекшісі Мухиддин Кабиридің туыстарының ұсталып, тергелгеніне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Желтоқсанның 16-сы күнгі мәлімдемесінде құқық қорғаушы ұйым Тәжікстан билігін саяси белсенділердің туыстарына қысым жасауды доғаруға шақырды.

Кабиридің жақындары желтоқсанның 15-де құқық қорғау органдары саясаткердің көптеген туысын ұстап, сұрақ-жауап алғанын және тергеу барысын видеоға түсіргендерін хабарлаған еді.

FreedomHouse мәлімдемесінде саяси топ мүшелерінің туыстарын, билікті сынаушыларды қорқыту үшін «кепілдік» мақсатында пайдалану, адамның басты құқықтарын бұзу боп табылатыны және үкіметтің өзгеше ойлайтындарға деген көзқарасын әшкерелейтіні жазылған.

Тәжікстанның Жоғарғы соты қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасарының бүлігінен кейін, қыркүйектің 29-да Тәжікстанның исламдық қайта өркендеу партиясын террорлық ұйым деп танып, оның қызметіне тиым салды. Мухиддин Кабири мен ол басқаратын партияның мүшелері генерал Назарзоданың бүлігіне қатысы жоқтығын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG