Ссылки доступа

ИМ содырлары ауғандық жаңа аудандарды басып алған


«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына ант берген содырлар Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында бірқатар жаңа аумаққа бақылау орнатқан.

Азаттықтың ауған қызметінің хабарлауынша, экстремистердің шабуылынан соң, көптеген жергілікті тұрғын босып кеткен. Кейбір деректерге қарағанда, Кабул провинциясымен шектесетін және астанаға жақын орналасқан Нангархарда ИМ содырларына ешкім қарулы қарсылық көрсетпеген.

Бірнеше күн бұрын ғана АҚШ пен НАТОның Ауғанстандағы әскерінің қолбасшысы, генерал Джон Кэмпбелл ИМ-ді қолдайтын Ауғанстандағы жікшілдерге Сирия мен Ирактан келіп жатқан «шетелдік содырлардың» қосылып жатқаны туралы мәлімдеген еді. Олар Нангархар провнциясында аймақтық базасын құруды көздейді. Өз кезегінде Ауғанстан билігі соңғы кездері әуе толқынына шыққан ИМ «Халифат үні» радиостансасының қай жерден хабар таратып жатқанын анықтауға тырысуда.

XS
SM
MD
LG