Ссылки доступа

«Жалған ақпаратқа» тапсырыс берушіні іздеген полицейлер редакция мен журналистердің үйінде тінту жүргізді


Азаттық радиосының тілшісі Алматыда Nakanune.kz оппозициялық сайтының редакциясында тінту жүріп жатқанын хабарлады.

Кеңсе есігінің алдында тұрған жай киімдегі қызметкерлер ешкімді ішке кіргізбей тұр. Бір ақпарат бойынша, редакцияда полиция қызметкерлері мен Nakanune.kz тілшісі Оксана Макушина бар.

Бұған дейін жұма күні, таңертең полицейлер Nakanune.kz сайтының иесі Гузяль Байдалинова мен осы сайтта істейтін журналист Юлия Козлованың пәтерлерінде тінту жасаған. Сонымен бірге, журналист Рафаэль Балгиннің пәтері де тінтілгені туралы ақпарат тарады.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті мұның «Республика» және Nakanune.kz интернет басылымдарының «Казкоммерцбанк» пен бірқатар тұлғалалар туралы жазылған мақалаларда жалған ақпар таратқаны үшін» сотқа дейінгі тергеу ісі аясында жасалғанын мәлімдеді.

ІІД тергеу барысында «мақала жазуды ұйымдастырған және оған тапсырыс берген тұлғалардың» анықталғанын және полиция мақалаларды әдейі жалған деректер беру арқылы арандату мақсатында, тапсырыспен жазылған деп санайтынын хабарлады. Полиция өклдері тапсырыс беруші редакцияға қолма-қол ақша төледі деп болжайды.

ІІД «БАҚ-ты құпия қаржыландыру жолдары» туралы айтып отыр. Қазақстанда «Республика. Деловое обозрение» басылымына, оның сайты мен қосымшасына, жалпы алғанда 30 оппозициялық БАҚ қызметіне 2012 жылы сот шешімімен тиым салынды.

Обыски у оппозиционных журналистов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

XS
SM
MD
LG