Ол өзін қамауда ұстау мерзімін 2016 жылы сәуірдің 16-на дейін ұзарту туралы бейсенбі күні Ростов облысы Донецк сотының қабылдаған шешімімен келіспейді. Бұл ретте сот Украина тарапынан берілген сотталушының кінәсіздігін дәлелдейтін бірде-бір құжатты қарамады. Сот сонымен бірге судьядан бас тарту туралы шағымын да қабылдамады.
Былтырғы жылдың маусымында ұсталғалы бері Савченко бұған дейін екі рет аштық жариялап үлгерді.
Украин әскери қызметшісі кісі өлтіру және Ресей шекарасынан заңсыз өту туралы айыптарды мойындамайды, өзін сепаратистердің ұрлап кетіп, еркінен тыс Ресейге жеткізгенін айтты.
«Азаттық» радиосының тілшісі Наумлюк бейсенбі күні, Фейсбукте Надежда Савченконың барлық сот отырысына қатысып жүрген Наталья Кисельдің ата-анасының үйін біреулердің астаң-кестеңін шығарып кеткенін жазды. Белсенді полицияға шағымданған.