Ссылки доступа

Өзбекстанда газсыз қалғандар жолды жапты


Gas shortage sparks rioting in Fergana
Gas shortage sparks rioting in Fergana

Өзбекстанның шығысындағы Ферғана қаласының Киргули ауданындағы көпқабатты үйлердің газсыз қалған 200-ге жуық тұрғыны автокөлік жолын жауып тастады.

Адамдар Ферғанадан 9 шақырым жердегі Маргиланға апаратын жолдағы көліктерді 1 сағатқа тоқтатып қойды. Наразы топ жергілікті билік өкілдері наразылыққа шыққандарға газ баллондарын таратып беруге уәде еткен соң ғана райларынан қайтқан.

Ферғанадағы дереккөздің бірі:«Наразылық бірнеше күннен бері байқалуда. Көпқабатты үйлердің тұрғындары көшеге шығады, келген милиция оларды үйлеріне таратады. Осылай күнбе-күн қайталанса да, газ әлі жоқ», - деп хабарлады.

Қала әкімдігі Киргули ауданындағы газ тапшылығы адамдарды көшеге шығуға мәжбүр еткенін растады.

Өзбекстанда газ тапшылығына байланысты наразылық шарасы қайталанып тұрады. Былтыр Хорезм облысы Багат ауданындағы «Китай» ауылының тұрғындары «көгілдір отынның» жоқтығына қарсылық білдіріп, тас жолды жапқан еді. Наразылыққа шыққан әйелдерді жергілікті билік өкілдері газ баллондары мен көмір беруге уәде етіп қайтарған еді.

2013 жылы газ бен электр қуатының тапшылығына наразылық танытқан Самарқанд тұрғындарының шарасынан соң жергілікті билік жергілікті тұрғындарға газ беруге мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG