Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ: жағдай «бақылауда»


Өзбекстан ішкі істер министрлігі жұртшылықты экстремистік ұйымдар тарапынан қауіп төнгені туралы ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Өзбекстан ІІМ терроризммен күрес басқармасы жағдайдың бақылауда екенін және қауіп-қатер туралы ақпараттың қоғамды дүрліктіретінін мәлімдеді. Азаттық радиосының өзбек редакциясы Өзбекстан ІІМ терроризмге қарсы күрес басқармасының өкілі Уктам Мурадовтың: «Мұндай қауесетке еш негіз жоқ, қоғамға қарсы сипаттағы мұндай қадамдарға тосқауыл қойылады. Осыған орай, азаматтардан болуы мүмкін арандатушылықтарға ермеуін және шынайы көрінген өсек-аяңға құлақ аспауларын сұраймын»,—деген сөзін келтіреді.

Бұған дейін Өзбекстанда қауіпсіздік шараларының күшейтілгені туралы хабарланған еді. Елде тараған ақпаратта „Ислам мемлекеті„ (ИМ) тарапынан қауіп келуі мүмкін екендігі айтылады.

Жергілікті құқық қорғаушылар ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен ел аумағында ұсталғандардың саны 200-ден асқанын хабарлап отыр.

XS
SM
MD
LG