Олар көптеген саудагердің банктерге борышкер екеніне байланысты, билік орындарынан базарды кем дегенде бір жылға жаппауды сұрайды.
Бұған дейін астана әкімдігі 300-ге жуық адам істейтін базардың орнына автокөлік тұрағын салу жоспарланғанын хабарлаған еді.
Соңғы дерек бойынша, наразылық шарасы Бішкек әкімдігінің алдында жалғаспақ.