Ссылки доступа

Қазақ прокурорларының төбелесінде күштісі жеңді


Алматы облысындағы Талдықорған қаласының бұрынғы прокуроры, 47 жастағы Бибігүл Әбдрахимова өзін әріптесі ұрғанын айтып, шағымдануда. Айтуынша, осыдан туған даудың кесірінен жұмыссыз қалған.

Бибігүл Әбдрахимова бөлім бастығы Айдос Жұмағұловтың өзін үнемі негізсіз сынағанын, ақыр соңында туған жанжал үстінде өзіне қол жұмсағанын айтады. Кейінірек тексеру барысында, прокурор әйел мен прокурор еркектің арасында төбелес болды деген қорытынды жасалып, екеуі де бірдей кінәлі деп танылған. Бірақ Бибігүл Әбдрахимова ешқандай төбелестің болмағанын, өзін әріптесі ұрғанын айтады..

Тексеруші органда өткен қызметтік тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысты екеуінің де лауазымы төмендетілген.

Ақсу аудандық прокуратурасына қатардағы қызметкер боп жіберілген Айдос Жұмағұлов біраз уақыттан соң қызметі өсіп, Талдықорғанға қайтып келген. Ал Бибігүл Әбдрахимоваға облыстың ең шалғай ауданы — Балқаш ауданына баруды ұсынған. Бірақ мұндай ұсыныстан бас тартқан әйел, қызметтен кеткен. Әділеттің орнауын талап еткен әйел өзін жәбірлеген адамды тиісінше жазалауға қол жеткізе алмай жүр.

XS
SM
MD
LG